Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген

Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмолалық өзі онлайн-несие рәсімдеп, полицияға алаяқтық туралы жүгінген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақкөл қаласының 37 жастағы тұрғыны 23 сәуірде жергілікті полиция бөліміне жүгінген. Ер адамның айтуынша, белгісіз тұлғалар оның атына микроқаржы ұйымдарының бірінен ақшалай несие рәсімдеген. Бұл дерекке қатысты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі "Алаяқтық" бойынша соталды тергеу бастаған. Осы қылмысты ашу және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері арнайы іс-шаралар кешенін өткізген.

Қабылданған шаралар нәтижесінде жедел уәкілдер онлайн-несиені шағым иесі елордада жүргенде өзі рәсімдегенін анықтаған. Тергеу аясында полицейлер оның алаяқтық дерегі бойынша полицияға жүгінуінің себебі неде екенін анықтап жатыр. Өзінің айтуынша, несиесі барып ұмытып кеткен, кейін төлеуі керегін білгенде, алаяқтардың құрбаны болдым деп полицияға жүгінуді шешкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети