АҚШ Қанат Сұлтанбековті экстрадициялау туралы өтінішті қарастырып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Қанат Сұлтанбековті экстрадициялау туралы өтінішті қарастырып жатыр Қанат Сұлтанбеков

Қазақстан АҚШ әділет министрлігіне Нұр-Сұлтан (Астана) әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековті экстрадициялау туралы өтініш жолдады. Бұл туралы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сұрауы бойынша "Астана LRT" компаниясының экс-басшысы Талғат Ардан мен елорда әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековке Ішкі істер министрлігінің Интерпол арналары арқылы халықаралық іздеу жарияланғанын айтты.

"Қанат Сұлтанбековтің АҚШ аумағында анықталуына байланысты оны экстрадициялау туралы сұрау АҚШ әділет министрлігіне жіберілді (2020 жылдың 24 шілдесі). Өтініш америкалық тарапта қаралып жатыр", - деді Қазақстанның Бас прокуроры.

Бас прокурордың айтуынша, Талғат Арданды да Түркияда іздестіріп жатыр.

Тергеу барысында анықталған шығын көлемі - 5,8 миллиард теңге. Сонымен қатар, Сұлтанбеков пен Арданның ұрлаған үлесін анықтау мүмкін болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети