15 қазан 2021 10:10

АҚШ-та миллионер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Америкалық миллиардер Роберт Дерст 21 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.


Америкалық миллиардер Роберт Дерст 21 жыл бұрын кісі өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлік мұрагері Роберт Дерст 2000 жылы Калифорнияда ең жақын досы Сюзан Берманды өлтіргені үшін сотталды. Марқұм Берман 1982 жылы кәсіпкердің әйелі жоғалып кетуіне байланысты полицияға куәлік бергісі келген. Әйел басынан оқ тиіп жарақат алған күйінде үйінен табылған. Жылжымайтын мүлік саласы бойынша миллиардер ұзақ жылдар бойы әйеліне не болғанын және Берманды кім өлтіргенін білмейтінін мәлімдеді.

© REUTERS

Ол кездейсоқ HBO телеарнасындағы The Jinx деректі фильмінде адам өлтіргенін мойындап, 2015 жылы Жаңа Орлеанда эпизод көрсетілместен бұрын қамауға алынды. Түсірілімдегі үзіліс кезінде кәсіпкер дәретханаға бара жатып былай деген: "Ал, ұсталдың. Мен не істедім? Әрине, бәрін өлтірдім". Бұл уақытта Роберт Дерстте жұмыс істейтін микрофон болған, ал мойындаған сөзі жазылып қалған.

78 жастағы жылжымайтын мүлік магнаты өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Қабылданған үкім шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін қарастырмайды.

Жоғарғы Сот қорғаушының жаңа сот талқылауы туралы өтінішін қанағаттандырмай, "кінәнің көптеген дәлелдері бар", - деп мәлімдеді.

Роберт Дерст - жылжымайтын мүлік мұрагері, Нью-Йорк магнаты Сеймур Дурсттың ұлы және Дурлас ұйымының басшысы Дуглас Дерсттің ағасы. Ол бүкіл ел бойынша федералды іздеу тізімінде болды.

Еске салайық, миллиардердің сот процесі 2020 жылдың 2 наурызында басталды, бірақ COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге шегерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети