ҚМА Алматы бойынша департаменті мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу деректері бойынша бір топ адамға қатысты соталды тергеп-тексеру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
ҚМА Алматы бойынша департаменті мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу деректері бойынша бір топ адамға қатысты соталды тергеп-тексеру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталған болатын. Одан 649 грамм кептірілген марихуана мен 676 грамм гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.
"Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды. Сондай-ақ, олардан 705 грамм марихуана мен 1266 грамм гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша, жеті кінәлі адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылған.
"Құрметті ата-аналар! Сізден балаңыздың қарайтын контентіне, оның мінез-құлқына, денсаулығына, айналасына және сатып алуларына назар аударуыңызды сұраймыз. Кез келген түрдегі немесе мөлшердегі есірткі заттары адам денсаулығына, әсіресе жасөспірімдерге орны толмас зиян келтіреді. Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!