"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған көпсалалы аурухана басшысы қызметіне қайта алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған көпсалалы аурухана басшысы қызметіне қайта алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Азаматтық іс 2020 жылдың желтоқсанында Қызылорда қалалық сотында қаралды. Сот талап қоюшы А.Ж.-ның бұрынғы жұмысына қайта алу, бос уақыты үшін жалақы өндіру, бұйрықты заңсыз деп тану туралы талап арызын қанағаттандырды.
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі өкілі бұл іске үшінші тұлға ретінде "Қызылорда облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі қатысқанын мәлімдеді. Сот талқылауы барысында іс құжаттары жан-жақты зерделеніп, құқықтық баға берілді.
"Мұндай шешім қабылдауға мемлекеттік органның сыртқы сараптама жүргізбегені себеп болды. Аудиторлық есепке сәйкес, ауруханада заңбұзушылықтар анықталды. Сол бойынша А.Ж. шаралар қабылдады. Сот осы мән-жайға қатысты еңбек шартын бұзу мерзімінен бұрын шығарылған және тым ауыр жаза деп есептеп, Қызылорда қалалық сотының 24.12.2021 жылғы шешімімен талапкердің талаптарын қанағаттандырды", - деді баспасөз қызметі өкілі.
Бірақ Байқоңырдағы көпсалалы аурухана ұжымы сот шешіміне келіспейді. Олар ақша жымқырды деп айыпталған басшыдан кейін аурухананы басқарған Талғат Байтілеуовты қайтаруды талап етіп отыр. Медицина қызметкерлері ұжым болып жазған хатты Facebook-те жариялады.
"Ұжым Еңбек кодексін бұзған өрескел әрекеттерге наразы. Оған аурухананың бас дәрігері А.Ж. жол берді. Былтыр мемлекет бөлген 40 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ешкімге айтпай, 74 қызметкер арасында бөлді. Ковидпен күресуге бөлінген ақшаға қатысты да жымқыру дерегі болды. Бірақ ол бұл туралы сөйлескісі келмейді. Бұл біздің жұмысымыз емес екенін айтады. Былтыр "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 3-бабы 160-бөлігі бойынша оған қатысты қылмыстық іс қозғады ("Өзінің қызметтік жағдайын қолдана отырып, кінәліге сеніп тапсырылған біреудің мүлкін иемдену, яғни ұрлау"). Бірақ былтыр желтоқсанның аяғында сот оның қызметін қалпына келтірді. Сөйтіп, оның басшы болуына қарсы қызметкелерге қатысты қудалауы қайтадан басталды", - деп жазды олар хатта.
Дәрігерлер ауруханадағы атмосферадан шаршағандарын айтады. Олардың айтуынша, басшы дәрігерлердің уақытын қысқартып, қалыпты жұмыс істеулеріне мүмкіндік бермейді.
"Үш ай бұрын бізге жаңа бас дәрігер, профессор, хирург Талғат Байтілеуов келді. Ол келе сала, ауруханада өмір жанданды, жұмыс қалыпты жүрді. Болашаққа деген зор үміт пайда болды. Бірақ бұрынғы басшы келгесін бәрі өзгерді. Енді науқастарға жасалатын ота да күмән тудырады", - дейді олар.
Көпсалалы аурухана қызметкерлері прокуратура органдарына, басқа да жауапты ведомстволарға хат жолдаған, бірақ әзірге нәтиже жоқ.
"Осы жағдайға байланысты моральдық тұрғыда шаршадық. Дүйсенбіге дейін, яғни 17 қаңтарға дейін бас дәрігерге қатысты мәселе шешілмесе, аштық жариялаймыз", - деді дәрігерлер.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!