"Ақша Украина банкіне кеткен": Павлодар тұрғыны алаяқтарға 40 миллион теңге аударған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ақша Украина банкіне кеткен": Павлодар тұрғыны алаяқтарға 40 миллион теңге аударған Иллюстрация: elements.envato.com

Павлодар тұрғыны алаяқтардың есепшотына 40 миллион теңге аударған. Белгілі болғандай, ақша аударымы украиналық банктердің біріне түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар тұрғыны алаяқтардың есепшотына 40 миллион теңге аударған. Белгілі болғандай, ақша аударымы украиналық банктердің біріне түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, ер адам белгісіз интернет алаяқтарының құрбаны болған.

"Павлодар тұрғынына белгісіз адам хабарласып өзін банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, оның атына біреулер несие рәсімдеп жатқанын хабарлаған. Әрі қарай, оның шотында алаяқтар ұрлап алатындай ақша бар ма деп сұраған. Ер адам депозитте және ағымдағы шотта ақша бар екенін, оның сомасын айтқан. Қоңырау шалушылар бұл ақшаны басқалар алмайтын қауіпсіз шотқа аудару керек екенін айтып, банк нөмірін айтады. Жәбірленуші ақшаны сол шотқа аударған", - деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмыспен күрес бөлімінің жедел уәкілі Аман Әубәкіров.

Полиция қызметкерінің айтуынша, ұрланған қаражат көлемі 40 миллион теңге.

"Біз барлық ақша аударымдарын қадағаладық, депозиттік шоттан 40 миллион теңге алынған. Ақша Украинадағы банктердің біріне кетті", - деді Әубәкіров.

Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыскерлер әлі табылған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети