Ақтау балабақшасында балаларға сағат бойына орындықтан тұрғызбай, қол жұмсаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау балабақшасында балаларға сағат бойына орындықтан тұрғызбай, қол жұмсаған Видеодан алынған кадр. © ktk.kz

Ақтауда №55 балабақшасының тәрбиешілері балаларды тоқпақпен тәрбиелеген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда №55 балабақшасының тәрбиешілері балаларды тоқпақпен тәрбиелеген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, тәрбиешілер балаларды тіпті сағат бойына орындықтан тұрғызбай, себепсіз қол жұмсаған. 

Бейнежазбаны көрген ата-аналар жағасын ұстап отыр. Мұндағы тәрбиешілердің кішкентайларды сағаттап орындыққа отырғызып қойғаны анық көрініп тұр дейді. Сондай-ақ, тәрбиешілердің сусынды екі стақаннан ішуін талап еткен екені айтылады. Ал ішіп тауыса алмағандарды жазалайды екен. Мұндай сұмдықты көрген ата-аналар балаларының не себепті балабақшадан қашатынын енді түсіндік деп отыр. Тәрбиешілердің жауыздығына ашынып, енді мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерін түгел сотқа бермекші.

"Мен шыны керек видеоны қарай алмадым. Баламның тәрбиешісі және басқа топтың тәрбиешісі келіп кішкентайымның басынан ұрғанын қарап тұрудың өзі сұмдық. Тіпті ешқандай ойыншықтармен ойнатпайтыны, тәрбиешілер кішкентайларды қараусыз қалдыратыны анық көрініп тұр", - дейді ата-аналардың бірі Назым Түгелбаева.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети