Ақтау полицейлері осыдан бір-екі күн бұрын Интернетте пайда болған "Ақтау жастары" ролигінің "кейіпкерлерін" іздестіріп жатыр. Видеода жігіт масаңдау ер адамды құлаштап ұрып, жерге құлатады, - деп жазады жергілікті "Лада" порталы.

Сюжет бойынша, ондай қатыгездіктің неден пайда болғаны белгісіз. Роликті оқырмандардың бірі "Лада" порталының сайтына ("Ел жаңалықтары" айдарына) жариялаған. "Таныстарым Whatsapp арқылы видеоны салып жіберді, онда 9-ықшамауданындағы колледждің жанында жастардың масаңдау ер адамның қасында көңіл көтеріп, бірі оны ұрып (қашан болғанын білмеймін) жатқаны түсірілген. Бүгін телеарнадан аялдамада мас адамды ұрып жатқан жігіттерді көрдім. БАҚ мұны бірден елеп-ескеріп, ол жасөспірімдер ұсталып, жауапқа тартылды. Сіздер де бұған бейжай қарамай, шара қолданасыздар деп ойлаймын", - деп жазды қолданушы.
"Полиция қызметкерлері роликтегілердің кім екенін және олардың тұратын жерлерін анықтап жатыр. Видеороликтегілердің кім екені анықталған соң, біз қосымша ақпарат береміз", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, бұған дейін Желіде Астанадағы аялдамада ер адамды ұрып-соққан жасөспірімдер туралы видеоролик пайда болған еді. Кейін олардың кім екені анықталып, ұсталды.