Ақтаудағы полицей пара ретінде iPhone алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Маңғыстау облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясының) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бағасы 160 000 теңге болатын "iPhon 5 S" маркалы телефон мен 85 000 теңге көлемінде пара алып К. деген азаматқа қатысты қылмыстық қудалауды тоқтатты, әрі оның жүргізуші куәлігі мен жеке куәлігін қайтарып берді деген күдікпен Маңғыстау облыстық ІІД-нің Ақтау қалалық ІІБ-нің тергеушісі Оразбаев ұсталды", - деп мәлімденген хабарламада.
Полиция қызметкеріне қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот санкциясымен қамауға алынды.