22 қараша 2021 | 10:00

Ақтау тұрғыны жоғалған банк картасымен кімдер сауда жасап жүргенін өзі анықтады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау тұрғыны кассада ұмытып кеткен банк картасын ерлі-зайыптылар иемденіп алып, бірнеше рет пайдаланған деп ойлайды. Ол өзінің банк картасы арқылы төлем жасалған әр жердегі бақылау камераларына түсірілген видеоларды көргеннен кейін осындай тұжырым жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтау тұрғыны кассада ұмытып кеткен банк картасын ерлі-зайыптылар иемденіп алып, бірнеше рет пайдаланған деп ойлайды. Ол өзінің банк картасы арқылы төлем жасалған әр жердегі бақылау камераларына түсірілген видеоларды көргеннен кейін осындай тұжырым жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Бауыржан есімді банк картасы иесінің айтуынша, 17 қараша күні "Шығыс-2" ықшамауданындағы супермаркетке сауда жасауға келген. Азық-түлік ақысын төлегеннен кейін кассада картасын ұмытып кеткен. Екі сағаттан кейін мобильді қосымшаға кіріп, есепшотында небәрі 400 теңге қалғанын білген. Бұрын 10 мың теңгеден аса ақша болған. Ол бірден картасын бұғаттап тастаған. Ер адам кейінгі операцияларды қарап, оның картасын Атамекен кентіндегі бірнеше супермаркетте және әлеуметтік дәріханада қолданғанын байқаған. Осы супермаркеттердің біріндегі камераға түсірілген кадрлардан қызыл сырт киім киген әйел өзінің картасымен ақша төлеп жатқанын көреді. Оның қасында баласы бар ер адам болған. Әлеуметтік дәріхананы іздеу нәтижесі сәтсіз болды, бірақ супермаркеттегі камералардан қызыл сырт киім киген әйелдің кассада картаны қалай бергенін көрген. Сатушы бұл адамдарды танитынын айтқан.

Ол тіпті осы супермаркеттегі бейнебақылау камераларынан картасын пайдаланып жүргендер Daewoo Nexia көлігін айдайтынын білген. Бірақ көліктің мемлекеттік нөмірі де, олардың бет-әлпеттері де көрінбеді. Келесі күні карта иесі өзі ұмытып кеткен супермаркеттегі бейнебақылау камерасын қараған.

Бауыржан картасы мен жұмсалған ақшасы өзіне қайтарылады деп үміттенеді. Ер адам супермаркеттегі кассада телефон нөмірін қалдырған, бірақ әлі ешкім хабарласпаған. Ол полицияға арыз жазуға ниеттеніп отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети