10 жастағы Ақжол Сансызбай кішкентай қызды құрылыс алаңына апара жатқан ер адамды көріп, қылмыскерді видеоға түсіріп, ересек адамдарды шақырған, мұның нәтижесінде қылмыстың алдын алу мүмкін болған, - деп хабарлайды Лада.
10 жастағы Ақжол Сансызбай кішкентай қызды құрылыс алаңына апара жатқан ер адамды көріп, қылмыскерді видеоға түсіріп, ересек адамдарды шақырған, мұның нәтижесінде қылмыстың алдын алу мүмкін болған, - деп хабарлайды Лада.
Ақжолдың бұл әрекетінің арқасында полиция қылмыскерді ізін суытпай ұстай алған. 29 тамызда батыр балаға Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінде құрмет көрсетілді.
Ал бала өзін батырмын деп есептемейді. Ақжолдың айтуынша, ол қызды зорлықшыдан жалғыз аман алып қалуы керек екенін түсінгенде қатты қорыққан.
"27 тамызда шамамен 15:30-да болды. Үшінші ықшамауданда көшеде серуендеп жүріп, ер адамның құрылыс алаңына қарай бір қызды сүйреп апара жатқанын байқап қалдым. Бастапқыда не болып жатқанын да түсінбедім, бірақ соңдарынан жүрдім. Ұялы телефонымның камерасын қостым, осы кезде олардың әңгімесін тыңдадым. Ағаның қызды зорлағысы келгенін ұқтым. Онымен төбелесуге қорықтым. Сондықтан төменге барып, ересек адамдарды шақырдым. Олар көтерілгенде ер адам қызды мойнынан ұстап тұрды. Ересек адамдарды көрген ол қашып кетті", - деді Ақжол.
Ақжолдың арқасында қылмыскер арам ойын жүзеге асыра алмады. Бала қызды үйіне дейін жеткізіп салыпты, қыздың 8 жаста екені анықталды. Бала фото мен видеоларды құқық қорғау органдарына берген. Осыдан кейін 15 минут өткенде полиция қылмыскерді ұстай алған.
"Полиция қызметкерлері ықшамауданды қоршауға алып, күдіктіні ұстады. Ол Ақтөбе тұрғыны екен, 1995 жылғы. Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторында, оған қатысты ҚР Қымлыстық кодексінің 124-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері.
Ақжол салтанатты түрде сыйлыққа ұсынылды. Балаға құрмет грамотасы, ноутбук және ерлігі үшін төсбелгі берілді.