Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке зорлық-зомбылық жасалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке зорлық-зомбылық жасалған Фото:depositphotos.com

Адвокат Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке жасалған зорлық-зомбылық дерегі туралы айтты. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адвокат Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітке жасалған зорлық-зомбылық дерегі туралы айтты. Бұл ақпаратты Маңғыстау облысының Полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ажар Әбділ өз жазбасында әрекетке қабілетсіз жігіттің 2024 жылғы 27 желтоқсанда ұрланып, зорланғанын мәлімдеді. Жәбірленушінің анасы бірден полицияға арыз жазған.

"Әлі күнге дейін қажетті сараптамалар тағайындалмаған. Қала орталығынан ақ түсті джиптің қорғансыз адамды алып кеткені анық көрінетін бейнебақылау жазбалары алынбаған, бұл көліктің қозғалыс бағытын қадағалау қиындық туғызбайды. Жазбалар екі ай сақталады, бұл – факт. Оқиға хронологиясын қалпына келтіру қиын көрінбейді. Өйткені жәбірленушіні тура қала орталығынан көлікпен алып кеткен... Бірақ сонша камера бола тұра, күдікті әлі анықталмағаны таңғалдырады. Сараптамалардың тағайындалуы туралы тіпті айтпай-ақ қояйын", – деп жазды адвокат.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 121-бабы "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Іс полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети