18 қаңтар 2017 | 16:26

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті ақталып шығатынына сенімді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz иллюстрациясы © Tengrinews.kz иллюстрациясы

18 қаңтарда Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты жасар Виктория Мининаның зорлануы және өлімі бойынша бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды "Лада".


Иконка комментария блок соц сети

18 қаңтарда Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты жасар Виктория Мининаның зорлануы және өлімі бойынша бірінші сот отырысы өтті, - деп хабарлайды "Лада".

Алғашқы сот отырысы жабық тәртіпте өтті. Кейінірек сот отырысы алқабилердің қатысуымен өтеді. Сотталушының адвокаты Намиг Велиевтің айтуынша, күдікті тағылған айыппен келіспейді. Ол алқабилердің шешімімен ақталып шығатынына сенеді.

"Сот процесі қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, жабық тәртіпте өтті. Сот отырысына қатысушылардың саны аз болғандықтан, алқабилерді іріктеу әлі жалғасып жатыр. Күдікті алдын ала сот тыңдауында сот отырысының алқа билердің қатысуымен өткенін сұрады. Себебі ол құқық қорғау органдарына сенбейді. Ол тағдырын шеше алатын алқабилерге сеніп отыр", - деді сотталушының адвокаты Намиг Велиев.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. Осыдан кейін қыз табылып, ауруханаға жеткізіледі. Кейін Астанадағы ауруханаға тасымылданды. Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Ал 2016 жылдың 21 қарашасында зорланған 6 жастағы қыздың қайтыс болғаны хабарланған болатын. "Науқас Негізінен "Сексуалдық зорлық салдарынан болған қосарлас жарақат. Мидың аноксиялық және метаболикалық зақымдануы. Кома 3" диагнозымен станционарда болды. Асқыну: "3-ші дәрежедегі сыныс алу жеткіліксіздігі", "3-ші дәрежелі жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі", - деген еді медициналық орталықтың өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети