08 қыркүйек 2016 | 16:09

Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда алты жасар қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы Ақтау қалалық сотының өкілдері хабарлады. Күдіктіні қамауға алу туралы санкцияны тергеу судьясы 6 қыркүйекте шығарған. "Судья қамау мерзімін 10 тәуліктен 2 айға ұзартуға санкция шығарды", - деп хабарлады соттағылар. 

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. Осыдан кейін қыз табылып, ауруханаға жеткізіледі. Кейін Астанадағы ауруханаға тасымылданды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети