02 қазан 2020 | 09:53

Ақтауда аса қауіпті қылмыстық топтың мүшесіне сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © tumba.kz Фото: © tumba.kz

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ТТС" ұйымдасқан қылмыстық тобының лидері мен мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tumba.kz порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "ТТС" ұйымдасқан қылмыстық тобының лидері мен мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tumba.kz порталына сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың лидері Рзабек Жексенбаев 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейді.

Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері Досан Бимырза, Ернұр Зорбай 15 және 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазасын қауіпсіздігі аса жоғары мекемеде өтейтін болды.

Күдіктілерге ҚР Қылмыстық кодексінің жеті бабы бойынша айып тағылды: ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған "Адам өлтіруге оқталу", "Қаруды заңсыз сақтау", "Бопсалау", "Адам ұрлау", "Бұзақылық " және өзге де әрекеттер.

Айта кетейік, 2019 жылдың шілдесінде ҰҚК мен ІІМ Маңғыстау облысының аумағында аса қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың лидері мен мүшелерін ұстаған еді. Тексеріс барысында құзырлы орган қызмеркерлері 15 дана қаруды, оның ішінде АК-74 автоматы, ТТ тапаншасы, револьверлер және аңшылық қаруларды тәркілеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети