Ақтауда базардан азық-түлік ұрлағандар видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда базардан азық-түлік ұрлағандар видеоға түсіп қалды lada.kz сайтындағы видеодан алынған кадр

Екі ер адам тұтынушының жемістері мен көкөністерін ұрлап кеткен. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екі ер адам тұтынушының жемістері мен көкөністерін ұрлап кеткен. Олардың бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұрлық 17 желтоқсан күні таңертең 23 шағынаудандағы "РусКаз" базарына кіре берісте, "Кувшин" мүсіндік композициясына қарама-қарсы жерде болған.

Жергілікті тұрғын азық-түлік сатып алып, арбаны алуға кетіп бара жатқанда, заттарын жол бойына тастап кеткен. Осы уақытта белгісіз екі адам ұрлық жасаған.

Бейнебақылау камерасынан көрініп тұрғандай, екі ер адам келіп, қорап пен сөмкені алып, кетіп қалады. Басылымның мәліметінше, шабуылдаушылар 2 рейс жасаған. Жәбірленуші полиция бөліміне арызданған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 20 мың теңгені құрады. 

Жәбірленуші полиция бөліміне арызданған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети