Ақтауда белгісіздер банкоматты тесіп, миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтауда белгісіздер банкоматты тесіп, миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тесілген банкомат түсірілген видеоны қолданушылар Instagram желісіне жүктеген.
Маңғыстау облыстық ІІД өкілдері ұрлықтың болғанын растап, 960 мың теңге шығын болғанын хабарлады.
"30 қаңтарға қарағанда түні таңғы уақытта Ақтаудағы 28-ші ықшамауданда ұрлық жасалды. Банкомат сауда орталықтарының бірінің сыртында тұрған. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдіктілер ұсталған жоқ, соталды тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметіндегілер.