Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтауда COVID-19 жұқтырған жезөкшелерге қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтауда COVID-19 жұқтырған жезөкшелерге қатысты істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық прокуратурамен бірлесіп, осыған дейін Ақтау қаласында интимдік қызмет көрсетушілер арасында COVID-19 инфекциясын жұқтырған азаматтар болған жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар желісін ұйымдастырған қылмыстық топ қызметінің жолын кескен болатын.
Жедел шаралармен 87 адам оқшауланды (оның ішінде 8 қылмыстық топ мүшесі), олардың екеуінен коронавирус анықталған дейді.
Сондай-ақ, ведомство мәліметінше, осы фактілер бойынша Маңғыстау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабының 3-бөлігіне (қылмыстық топтың жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұстауды ұйымдастыруы), ҚР Қылмыстық кодексінің 305-бабына (адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін фактілер туралы ақпаратты жасыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған қаражатқа жылжымайтын мүлік сатып алған қылмыстық топтың бір мүшесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 1-бөлігі (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңсыз айналымға тарту) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға болмайды", - делінген хабарламада.
Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінә дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!