Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін ұрып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін ұрып өлтірді Сурет ашық дереккөздерден алынған

Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін өлгенше соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ер адам әйелінің көңілдесін өлгенше соққыға жықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" порталына сілтеме жасап. 

Ақтау тұрғыны әйелімен бірге тұратын ер адамды қызғаныштан ұрып-соғып, ұялы телефонын ұрлап кетті. Аталған дерек бойынша үкімді Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты шығарды.

Іс материалдары бойынша, қызғаншақ күйеу 2021 жылы жаңа жыл мерекесі қарсаңында кешке әйелімен бірге тұратын ер адамның пәтеріне барып, оны құлатып, өлгенше соққыға жыққан.

Кейін жәбірленушінің 20 мың теңге тұратын Nokia ұялы телефонын ұрлап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) және ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша кінәлі деп танылды. Оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети