Ақтауда ер адам ұлын өлтірді деген күдіктіні өлімші етіп сабап тастаған

29 Қаңтар 2018, 13:08
0
Ақтауда ер адам ұлын өлтірді деген күдіктіні өлімші етіп сабап тастаған - Ашық дереккөздерден алынған сурет
Ашық дереккөздерден алынған сурет

Ақтауда ер адам өзінің ұлын өлтірді деген күдіктіні өлімші етіп сабап тастаған, - деп хабарлайды Lada.kz. Осы үшін ер адам 19 жылға сотталып отыр. Бұл қылмыстық іс туралы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азат Ізбасаров айтып берді.

Ер адам өзінің ұлын Маңғыстау облысының тұрғыны Марат есімді ер адам өлтірді деп күдіктенген. Күдіктіні ұстау мақсатында ер адам өзінің Тимур есімді танысына хабарласып, 3 мың долларға көмектесуін сұраған. Ал Тимур тағы үш ер адамды жалдаған.

Содан, басылымның мәліметінше, үш ер адам күдікті тұратын Жаңаөзен қаласына барып, ер адамды ұрлап кетіп, өлімші етіп сабап, денесін көміп кеткен. "Жәбір көрген ер адам Тамерланның ұлын өлтіргенін мойындаған. Осыдан кейін ер адам құқық қорғау органдарына күдіктінің кінәсін мойындағаны жайлы мәлімдеген", - деп жазады басылымы.

Осыған байланысты Тамерлан 19 жылға бас бостандығынан айырылды (қатаң тәртіптегі колонияда), ал оның сыбайластары 16 жылға сотталды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай