13 мамыр 2014 | 20:08

Ақтауда жараланған 8 жасар баланы көрші балконнан атты деген болжам жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lada.kz/Юлия Романова ©lada.kz/Юлия Романова

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Ақтауда  8 жасар бала қандай жағдайда жарақатағыш қарудан жараланғанын анықтауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының полиция қызметкерлері Ақтауда  8 жасар бала қандай жағдайда жарақатағыш қарудан жараланғанын анықтауда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Құқыққорғаушылар жараланған ер баланы көрші үйдің балконынан атқан болуы керек деп жобалап отыр. Тергеушілер барлық жергілікті тұрғындардан жауап алуда, алайда күдіктілер әзірге анықтала қойған жоқ. Қазіргі таңда баллистикалық сараптама жасауға шешім қабылданды. Осы сараптама балаға қандай нүктеден оқ атылғанын анықтап бермек. "Қару қолданған бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Естеріңізге сала кетейік, 12 мамыр күні жергілікті тұрғындар кеудесіне оқ тиіп жараланған баланы тауып алып, облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізген. Хирургтар баланың өкпесіне қадалған оқты алып тастады. Бала жан сақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылды. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети