Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші анықталды Lada.kz.

Ақтауда қарсы қозғалыс жолағымен жүріп, орталық көшеде жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған Lada Vesta жүргізушісі анықталды. Ол бейнебақылау камерасының көмегімен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қарсы қозғалыс жолағымен жүріп, орталық көшеде жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған Lada Vesta жүргізушісі анықталды. Ол бейнебақылау камерасының көмегімен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жақында әлеуметтік желілерде көлік жүргізушісінің Ақтаудағы орталық жол Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен видеосы жарияланды. Кадрда жолаушының жүріп келе жатқан көлік терезесінен ысқырғанын көруге болады, оны екінші жолаушы видеоға түсіріп алған.

Бір топ адам ысқырып, айғайлап, 4-шағынаудандағы "Шу" сауда орталығына дейін кедергісіз өтіп, жол бойында жаяу жүргіншіні қағып кете жаздаған.

Полиция қызметкерлері видео 6 қаңтарда кешке түсірілгенін анықтады. Lada Vesta жүргізушісі бейнебақылау камерасының көмегімен табылғаны айтылды.

"Тәртіп бұзушыға ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі, ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі, ӘҚБтК-нің 599-бабы 1-бөлігі және ӘҚБтК-нің 600-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оның автокөлігі айып тұрағына қойылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети