Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, өзі жансақтауға түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, өзі жансақтауға түскен Фото:depositphotos.com

Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданына қарасты "Адай" базасы аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеем жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Мұнайлы ауданына қарасты "Адай" базасы аумағында жолаушы такси жүргізушісін өлтіргені туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеем жасап.

Оқиға кеше түнде болған. Такси жолаушыны алып кетуге барғанда сөзі жараспай төбелес басталып кеткен. Ақырында жолаушы такси жүргізушісін өлтіріп, үйіне кетіп қалған. Жолаушы да пышақтан жарақат алған. Артынша облыстық ауруханаға түскен.

Ал облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі кеше 1979 жылы туған науқас іш қуысының пышақ жарақатымен түскенін мәлімдеді.

"Сынама алынып, кеше түнде 22:20-да ота жасалды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз хатшысы.

Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді.

"Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады өңірдің полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети