21 қаңтар 2017 | 15:51

Ақтауда қаражат жымқырды деген күдікпен кәсіподақ төрағасы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда OilConstructionCompany кәсіподақ төрағасы Амин Елеусінов ұсталды, - деп хабарлайды "Тумба". Оған қаражат жымқырды деген күдік келіп отыр. Қазіргі уақытта Елеусінов уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда OilConstructionCompany кәсіподақ төрағасы Амин Елеусінов ұсталды, - деп хабарлайды "Тумба". Оған қаражат жымқырды деген күдік келіп отыр. Қазіргі уақытта Елеусінов уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Амин Елеусіновтің қаражат жымқырып, кәсіподағындағы "ОСС" ЖШС жұмысшыларының ақшасын жымқыруы бойынша қозғалған қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қажетті сот сараптамалары жүргізілді. Қазіргі уақытта Елеусіновтің кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинастырылып жатыр", - деді Маңғыстау облыстық ІІД басшысының орынбасары Алдырза Қуанышкереев. Сонымен қатар, ол ұсталған ер адамның 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ, Нұрбек Құшақпаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлердің айтуынша, ол мұнайшыларды наразылық шараларын ұйымдастыруға шақырған. ІІД мәліметінше, Нұрбек Құшақпаев еш жерде жұмыс істемейді.

"Ішкі істер органдары Құшақпаев Нұрбекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 408-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. 2017 жылдың 20 қаңтарында Құшақпаев ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта Құшақпаевтың кінәсін дәлелдейтін айғақтар жинастырылып жатыр", - Маңғыстау облыстық ІІД басшысының орынбасары.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының нәтижелері туралы қосымша хабарлауға уәде берді,

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети