Ақтауда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталды Фото: ©24.kz/видео кадры

Ақтауда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Арна мәліметінше, World Business Consulting басшысы азаматтардан жарна алды деген күдікке ілінген. Тұрғындарға тұрақты түрде сыйақы төленіп тұратыны уәде етілген. Компания сыйақыны жаңадан қосылған инвесторлар есебінен төлеген.

"Қылмыстық схема 2018 жылдан 2022 жылға дейін жұмыс істеген. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген арна сюжетінде.

Қазір зардап шеккендерді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін танымал қазақстандық вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Олар Қылмыстық кодекстің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы "Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети