"Ақтауда келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген екі сарбаз қайтыс болды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Лада" ақпарат құралына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметіне қарағанда, төтенше оқиға 2 мамыр күні төртінші ықшамауданда сағат 17:30 шамасында орын алған. Көршілер пәтерден шығып жатқан түтінді байқап, от сөндірушілерге хабар берген. Өрт сөндірушілер пәтерден екі адамның жансыз денесін тапқан. Алайда, құқық қорғау органы оқиғаға қатысты ешқандай мағлұмат берген жоқ.

Көршілердің сөзіне қарағанда, өрт болған пәтерде келісімшарт негізінде қызмет етіп жүрген екі сарбаз тұрған. Басылымның болжауы бойынша, пәтерде өліп жатқан жерінен табылғандар солар болуы тиіс. "Шамасы, сарбаздарды белгісіз біреу өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін кетерінде пәтерге өрт қойып кеткен болуы ықтимал" дейді басылым.