Ақтауда қоқыс контейнерлері маңынан ММА файтері өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда қоқыс контейнерлері маңынан ММА файтері өлі табылды

Ақтаудағы 3-шағынауданда аралас жекпе-жек файтері Вусал Джафаровтың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.


Ақтаудағы 3-шағынауданда аралас жекпе-жек файтері Вусал Джафаровтың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Мәйіт 20 қыркүйекте қоқыс контейнерлерінің жанынан табылған. Дене бұзылған, толық ісініп, қарайып кеткен.

Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.

"Ер адамның мәйітін табу дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ведомство.

Желі қолданушыларының айтуынша, Джафаров соққыға жығылған және денесі бірнеше күн көшеде жатқан.

Ашық дереккөздердегі ақпарат бойынша, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Кәсіби мансабын 2015 жылы бастаған. Ол төрт жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 495.73  course up  589.53  course up  6.42  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети