Ақтауда қоластындағы қызметкерлерінен ақша бопсалаған шенеунік сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Ақша бопсалаушы Марал Қадыр. © lada.kz Ақша бопсалаушы Марал Қадыр. © lada.kz

Ақтауда Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр сотталды. Сотта оның қоластындағылардан ақшалай қаражат бопсалаған төрт дерегі дәлелденген, - деп хабарлайды "Лада" Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марал Қадыр сотталды. Сотта оның қоластындағылардан ақшалай қаражат бопсалаған төрт дерегі дәлелденген, - деп хабарлайды "Лада" Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс материалдарына қарағанда, Марал Қадыр қоластындағы қызметкерлерден жұмыстан шығарамын деп қорқытып, ақша бопсалаған. 

"Марал Қадырға қатысты тергеу 2016 жылдың қазанында жәбірленушілердің арызы негізінде басталды. Тергеу 2017 жылдың ақпанында аяқталды. Осы уақыт бойы күдіктінің телефонмен сөйлесуі бақылауға алынды, сондай-ақ, оның жеке кабинетіндегі әңгімелер жазылды. Тергеу кезінде азаматша Марал Қадырдың өз қоластындағылардан және облыстық денсаулық сақтау басқармасына келгендерден ақша бопсалаған төрт дерегі анықталды", - деп хабарлады соттың төрағасы Мәлік Кенжалиев.

Оның айтуынша, бірінші жағдайда Марал Қадыр қоластындағылардан 30 мың теңге бопсалаған, екінші жағдайда ол немересін емдетуге келген адамға қолғабыс көрсету үшін 15 мың теңге талап еткен. Ал үшінші дерек бойынша, ол Ақтау қалалық №1 ауруханасының бас дәрігерінен 100 мың теңге бопсалаған. Бұл ақшаны бермеген жағдайда, жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. Төртінші эпизод туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Т. деген азаматқа қатысты. Одан екі жүз доллар бопсалған, мұнда да ақша бермеген жағдайда жұмыстан шығаратынын айтып, қорқытқан. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ж. және Т. деген азаматтардан пара алу сәтінде ұсталды. Сот төрағасының сөзінше, тергеудің бастапқы кезеңдерінде Марал Қадыр өз кінәсін толықтай мойындаған, бірақ кейін бұл көрсетпесінен бас тартып, тергеу кезінде қысым көрдім деп мәлімдеген. 

Марал Қадырды сот ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша айыпты деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бопсалаушы жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді және мүлкі тәркіленеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.21  course up  583.05  course up  6.14  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro