Ақтауда куәгерлер қызды зорламақ болған ер адамды ұстап алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда куәгерлер қызды зорламақ болған ер адамды ұстап алған видео кадры

Әлеуметтік желілерде соққыға жығылған ер адамның видеосы тарады. Ол қылмыскер болуы мүмкін екені айтылды. Авторлардың айтуынша, ол Ақтау жағалауында қызға тиіспек болған, бірақ сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар оны тоқтатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға қараңғы уақытта болған. Көмекке шақырған дауысты естіген куәгерлер қызға араша түскен көрінеді. Ер адамдар күдіктіні тоқтатып, оны полицияға тапсырған. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген. Кадрлардан полиция келгенге дейін күдіктінің соққыға жығылғанын көруге болады.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиға 11 наурызда болғанын мәлімдеді.

"Видеодағы зорлауға оқталу дерегі бойынша шұғыл түрде қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады және оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу аяқталып, айыптау қорытындысымен прокуратура арқылы сотқа жолданды", – деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети