18 қазанда Ақтаудың №14 ықшамдауданында "Мечта" дүкенінің маңында болған жол-көлік оқиғасының нәтижесінде Daewoo Nexia маркалы автомобильдің жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") қылмыстық іс қозғалды.
"Іс қайта квалификациялануы мүмкін, бұл зардап шеккен қыздың жарақатының деңгейіне байланысты", - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Сәрсенбаев. Ал анықтау бөліміндегілердің мәліметінше, сот-медициналық сараптама тағайындалып, оның арқасында зардап шеккен адамның жарақат деңгейі анықталады. Ал дәрігерлер зардап шеккен қыздың жағдайына қатысты түсінік беруден бас тартты. Айта кетейік, осыған дейін бұл жол-көлік оқиғасының видеосы жария болған еді.