Қызметтестерін өлтірген теңіз жаяу әскерінің сарбазына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды "Лада".
Қызметтестерін өлтірген теңіз жаяу әскерінің сарбазына қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды "Лада".
Үкімнің шығарылуы ашық түрде өтті, сот шешімі Ақтау әскери гарнизонының әскерлері мен офицерлерінің алдында оқылды.
Қылмыс 2 мамыр күні төртінші ықшамаудан пәтерлерінің бірінде болды. Көршілер пәтерден түтін шығып жатқанын көрген. Олар есікті ашып, өртті сөндірген кезде келісімшарт бойынша қызметтегі екі әскердің мәйтін көрген. Кейін теңіз жаяу батальонында қызметін өтеушінің қылмыс жасағаны анықталды. Ол бұған жеке бас пайдасы үшін барған. Ол алдымен әскерлерді өлтіріп, кейін ізін жасыру үшін пәтерді өртеп жіберген.
Әскери соттың судьясы Асқар Қайыров айыпталушыны мүлкін тәркілеумен бірге қатаң режимдегі колонияда 23 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Мұнымен қатар, сотталушы қаза болғандардың отбасына 8 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеуге міндетті.