31 мамыр 2018 | 14:02

Ақтауда қызымен бірге балконнан секірген әйелдің ісі: Полицейлер ақталып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© lada.kz © lada.kz

Ақтауда қызымен бірге балконнан секірген әйелді ұстау кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған полицейлер ақталып шықты, - деп хабарлайды Lada.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда қызымен бірге балконнан секірген әйелді ұстау кезінде өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған полицейлер ақталып шықты, - деп хабарлайды Lada.kz.

Сот шымкенттік полицейлердің 2017 жылдың қазанында жұмыс сапарымен Ақтауға барғанын анықтады. Тергеушінің тапсырмасы бойынша полицейлер ұрлық жасады делінген әйелді Шымкентке жеткізу керек болған.

"Полицейлер күдіктіні ұстаған соң, оған және оның 15 жастағы қызына ұшаққа билет алып, уақытша тұрғын үймен қамтамасыз еткен. Бірақ күдікті жауапкершіліктен қашу үшін қызымен бірге 3-қабаттан секіріп кетті. Олар алған жарақаттарымен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді", - деп хабарлады Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.

Соттың мәліметінше, полиция қызметкерлері күдікті мен оның қызына физикалық немесе психикалық қысым көрсеткен жоқ. 

"Полицейлерге қатысты жиналған және зерттелген материалдардың барлығы ақтау үкімін шығаруға негіз болды, олардың кінәсі дәлелденбеді. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттағылар.

Еске салайық, оқиға қазан айында болған. Ол кезде Зарина қызымен бірге үшінші қабаттағы балконнан секірген. Кейін оның ұрлық жасады деген күдікпен ұстап алған полицейлерден қашқаны туралы айтылды. Зарина Байдосованың үстінен шымкенттік полицейлер ғана емес, Алматы қаласының тергеушілері де "ұрлық" дерегімен іс қозғаған екен. Алайда ауруханада жатқан әйел өзін жаланың құрбанымын деп отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети