03 наурыз 2017 | 17:12

Ақтауда мектеп автобусының 69 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды азғындаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда мектеп автобусының 69 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды азғындағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда мектеп автобусының 69 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған қызды азғындағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Зейнеткер ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігі ("Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау") бойынша айыпталған. Сот ісі жабық түрде Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандарға қатысты іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында өткен. 69 жастағы ер адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан сегіз жылдан он жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, жәбірленушінің өкіліне моральдық өтемақы ретінде 500 мың теңге өндіруді талап етті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Tumba.kz хабарлауынша, оқиға Шетпе ауылында болған. Тоғызыншы сынып оқушының ата-анасы қызына мектеп автобусының жүргізушісінен келген хабарламаны оқыған, онда былай деп жазылған: "Қатты сағындым, 15:00-де мектептің алдында күт. Алып кетемін". Кейбір мәліметтер бойынша, ер адам оқушыға бірнеше рет осылай жазған. Осындай хабарламаны басқа да оқушылар алған. Ата-аналардың айтуынша, жүргізуші қыздарға шоколад беріп, алдына отырғызатын болған. Мектеп мұғалімдерінің көбісі бес жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын және бұрындары ондайын естімегенін, сонымен қатар балаларға өз ұлы, өз қызындай қарайтынын айтқан. 

Алайда 8 желтоқсанда алаң болған ата-аналар Маңғыстау облыстық ІІАБ арыз жазған. Сол күні полицейлер ер адамды қамауға алған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети