Ақтауда ММА файтері өлі табылды: тың деректер айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ММА файтері өлі табылды: тың деректер айтылды ©️ lada.kz

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда табылған бұрынғы ММА файтері Вусал Джафаровтың мәйітіне қатысты істің кейбір мәліметтерін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда табылған бұрынғы ММА файтері Вусал Джафаровтың мәйітіне қатысты істің кейбір мәліметтерін ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүліне бастаған дене 20 қыркүйекте шамамен сағат 22:30-да үйлердің бірінің артында бұталардың арасынан табылған.

"Оқиға орнын тексеру барысында шприц табылды, сондай-ақ мәйіттің шұлығынан ұнтақ зат табылды. Марқұмның бұрын тонау және бопсалау деректері бойынша сотталғандығы анықталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Маңғыстау ПД.

Еске салайық, бұған дейін Джафаровтың денесі Ақтаудың 3-шағынауданында қоқыс контейнерлерінің маңынан табылғандығы туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course down  589.73  course down  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети