28 желтоқсан 2021 17:14

Ақтауда өлімге әкеп соққан жол апатына кінәлі деген күдікті қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтау соты жаяу жүргіншілер өткелінде 29 жастағы анасы мен бес жасар қызын қағып кеткен жүргізушіні қамауға алуға санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.


Ақтау соты жаяу жүргіншілер өткелінде 29 жастағы анасы мен бес жасар қызын қағып кеткен жүргізушіні қамауға алуға санкция берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ақтау қаласының тергеу соты жол-көлік оқиғасына қатысты күдіктіні екі ай мерзімге қамауға алу туралы санкция берді", - деп хабарлады Маңғыстау облысының соты.

Еске салайық, қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болды. Полицейлердің мәліметінше, 16, 19-шағынаудандар арасында Toyota Land Cruiser жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілерді қағып кеткен. Салдарынан 29 жастағы келіншек алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Бес жасар қыз Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кейін есін жимай көз жұмды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети