Ақтауда әйелін өлтірген ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтауда әйелін өлтірген ер адам 10 жылға сотталды, - деп хабарлайды Lada.kz.
Қаладағы дәмханалардың бірінде болған отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелін бірнеше рет пышақтаған. Әйел оқиға орнында қаза тапты. Маңғыстау облыстық сот 39 жастағы ер адамның дәмханадағы асүйдің жұмысшысы болып істейтін әйелімен сөйлесу үшін келгенін анықтады. Содан ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туып, ер адам оны бірнеше рет пышақтаған. Әйел көп қан жоғалтқандықтан, дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
Сот отырысы барысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Сотталушының айтуынша, ол әйелімен 2000 жылдан бері бірге тұрады. Отбасында үш бала бар. Сондай-ақ, ер адамның айтуынша, соңғы кездері әйелі оның көзіне шөп салып, ажырасқысы келген. Ер адам болса оны райынан қайтармақ болған. Алайда әйелі айтқанынан қайтпаған. Сотталушы ашуланғандықтан әйелін пышақтағанын айтып отыр.
Ал қайтыс болған әйелдің анасы сотталушыға қатысты ең қатаң жазаны, яғни 15 жылға дейін қамауға алуын сұрайды.
Сондай-ақ, сот ер адамның II топтағы мүгедек екенін және оның бұл іске барғанына өкініп отырғанын ескерді. Сот оны 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сотталушы жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.