Ақтауда Ресей азаматы тоналды: оқиғаның жай-жапсары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Ресей азаматы тоналды: оқиғаның жай-жапсары белгілі болды Фото:elements.envato.com

Ақтау полициясы Ресей азаматтарын тонап кеткен оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтау полициясы Ресей азаматтарын тонап кеткен оқиғаның жай-жапсарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Ақтау орталығында Ресей азаматының тұрып жатқан пәтерін тонап кеткені хабарланған болатын. 

"Досым екеумізді Ақтау орталығында тонап кетті. Досым бүгін ғана арыз жазды. Полицейлер өте жылдам келді. Ұрыларды камералардан қарап, екі сағатта ұстады! Ақтау полицейлеріне тағы да рақмет", - деп жазды ол.

Маңғыстау облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қазанда Ақтау қалалық ІІБ-не 23 жастағы Ресей азаматы 11-шағынауданда өзінен 200 еуро ұрлап кеткен екі адамды ұстауды сұрап арызданған.

Қылмыс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігім "Тонау" бойынша Ақтау қаласы полициясына тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 26 және 31 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети