03 маусым 2016 15:26

Ақтауда ҰҚКД қызметкерлері адам ұрлап, 3 миллион теңге бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рublimetro.co © Рublimetro.co

Маңғыстау облысы бойынша  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері адам ұрлап, одан 3 миллион теңге бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап.


Маңғыстау облысы бойынша  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкерлері адам ұрлап, одан 3 миллион теңге бопсалағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтау қалалық сотына сілтеме жасап.

"Сотталушылар Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бола тұра, өздерінің өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, әрекеттері заңға қайшы екендерін біле тұра, өздерінің мүліктік жағдайларын жақсарту мақсатында бірқатар ауыр санаттағы қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Осыған байланысты қасақана, пайдақорлық ниетпен азамат Ч-ны ұрлап, оны Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде бір тәулік бойы ұстап, соңғыны есірткі затты заңсыз өткізу мақсатындағы қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін, оған арнайы құралдар электрошокер және кісендерді пайдалана отырып 3 миллион теңгені қорқытып алмақшы болған", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде, Ақтау қалалық сотының 2016 жылдың 30 мамырындағы қаулысымен ҰҚК-нің бұрынғы қызметкерлері ҚР ҚК-нің 362-бабының 4-бөлігінің 1,2,3 тармағы ("Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану"), 125-бабының 2-бөлігінің 1,3,8 тармағымен ("Адамды ұрлау"), 194-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Сот үкімімен сотталушылардың бірі 7 жыл 6 айға, екіншісі 7 жылға бас бостандығынан айырылып, әрқайсысының жеке мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік және құқық қорғау органында лауазымды қызметпен атқару құқығынан өмір бойына айыру жазалары тағайындалды. Тағы бірінің 5 жылға бас бостандығы шектелді.

Айта кетейік, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети