29 қаңтар 2015 | 14:46

Ақтауда WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©lenta.ru ©lenta.ru

Ақтауда WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған әйел сотталды, - деп хабарлайды "Лада" порталы. 29 қаңтар күні сот үкімі жария етілді. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда WhatsApp арқылы терроризмді насихаттаған әйел сотталды, - деп хабарлайды "Лада" порталы. 29 қаңтар күні сот үкімі жария етілді. 

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, Ақтаудың 27 жастағы тұрғыны 2014 жылдың 10 маусымы мен 9 тамызы аралығында электронды хабарламалардың көмегімен өзімен бірдей діни көзқарастағы адамдарға терроризмді ақтайтын идеялар мен тұжырымдарды таратқан. Бұл мақсатқа ол WhatsApp қолданбасын пайдаланған. Мессенджердің көмегімен Сирияның үкіметтік жасақтары мен билігіне қарсы соғысқан халықаралық лаңкестік ұйым мүшелері әрекетінің дұрыс екенін уағыздайтын аудиожазбаларды да таратқан. 

Сот процесінде әйел өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ақтау қаласы сотының үкімімен ол төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Сот үкімі заңды күшіне ене қойған жоқ. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодарда терроризмді насихаттағаны үшін төрт адамның сотталғаны хабарланған еді. Ер адамдар жастарды қарулы жиһадқа үгіттеген. Олардың бірі алты, бірі төрт және екеуі 3,6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети