26 желтоқсан 2016 | 19:46

Ақтауда зорланған алты жасар Виктория Мининаның ісі сотқа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда зорланған алты жасар Виктория Мининаның ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық сотындағылар растады. 


Иконка комментария блок соц сети

Ақтауда зорланған алты жасар Виктория Мининаның ісі сотқа жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық сотындағылар растады. 

Істі сот төрағасы Азат Ізбасаровтың қарайтыны хабарланып отыр.

Алты жасар ақтаулық Виктория Минина Астанадағы ауруханада 21 қарашада есін жимастан қайтыс болған еді. Дәрігерлер биыл тамызда зорланған Виканы аман алып қалу үшін бар мүмкіндігін жасады.

Осыған дейін осы қылмысты жасады деген күдікпен Ақтаудың 32 жастағы тұрғыны ұсталған еді. Қызды зорлады деген күдіктіге бес бап бойынша айып тағылып отыр: "Адам ұрлау", "Сексуалдық сипаттағы зорлық әрекет", "Зорлау", "Адам өлтіру", "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу".

Алты жасар Вика биыл 20 тамызда жоғалып кеткен еді. Бастапқыда оны туыстары іздеген, 2,5 сағат өткенде олар полицияға хабарлаған. Зорланған қыз 17.30-да саяжай аудандарының бірінде ауыр жағдайда табылған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети