Ақтаудағы МӘМС қоры филиалының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы МӘМС қоры филиалының директоры ақша жымқырды деген күдікке ілінді

Ақтауда медициналық сақтандыру қоры қалалық филиалының басшысы қамауға алынды. Ол 17,5 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген. Онымен бірге бұл іске медициналық фирмалардың бірінің директорының да қатысы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Компания қормен тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді сатып алу шартын жасасқан. Денсаулық сақтау министрлігінің базасына емделу немесе дәрігердің кеңесін алған адамдар туралы жалған мәліметтер енгізілген.

"Азаматтарға тегін медициналық көмек көрсетілді деп тіркелген, бірақ іс жүзінде бұл қызметтер көрсетілмеген. Бүгінгі күні күдікті адам қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов.

Ұсталған Руслан Бектібаев бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасын басқарған. Оның тергеу изоляторына қамалғанына 2 ай болды.

Филиалдың бұрынғы директорына мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети