Ақтаудағы полицейді өлтіру ісі: оқиғаның видеосы жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудағы полицейді өлтіру ісі: оқиғаның видеосы жарияланды Видео кадры

Ақтауда 3 тамызға қараған түні 17-ықшамауданда пышақтап өлтірілген 26 жастағы полицейдің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда 3 тамызға қараған түні 17-ықшамауданда пышақтап өлтірілген 26 жастағы полицейдің ісіне қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Бейресми ақпарат бойынша, тәртіп сақшысы сыныптастар кездесуінде танысымен жанжалдасып қалған. Ол жанжал кезінде пышағын алып, полицейді мойнынан жаралаған. Полицей ауруханада есін жимастан қаза болды. 

Желіде марқұмның өмірінің соңғы минуттары түсірілген видео тарады. Кадрда жанында тұрған ер адам жәбірленушінің жарасын таңып жатқанын көруге болады. Қайтыс болған полицейдің артында әйелі мен екі баласы қалды.

Кісі өлтірген күдікті қамауға алынды. Расталмаған мәліметтерге қарағанда, ол қаладағы танымал футболшы.

Еске салайық, бұған дейін Ақтау қаласы ювенал полициясының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторын пышақтап өлтірген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети