Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты жасар Виктория Мининаны зорлап, өлтірген адамға қатысты үкім шығарылды. Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі хабарлады.
Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты жасар Виктория Мининаны зорлап, өлтірген адамға қатысты үкім шығарылды. Сотталушы 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Маңғыстау облыстық сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі хабарлады.
"Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігі 5-тармағымен, 121-бабының 4-бөлігімен, 120-бабының 4-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 3, 5, 10, 14-тармақтарымен, 296-бабының 2-бөлігімен сотқа берілген А-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды. Аталған қылмыстық іс жабық сот мәжілісінде сотталушының өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен қаралды", - делінген соттың хабарламасында.
Алқабилердің айыптау үкімімен А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігінің 5-тармағымен, 120-бабының 4-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 3, 10-тармақтарымен, 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған өмір бойына балаларды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі міндеттермен байланысты лауазымды және қызметтерді атқару құқығынан айырумен 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. Осыдан кейін қыз табылып, ауруханаға жеткізіледі. Кейін Астанадағы ауруханаға тасымылданды.
Ал 2016 жылдың 21 қарашасында зорланған 6 жастағы қыздың қайтыс болғаны хабарланған болатын. "Науқас Негізінен "Сексуалдық зорлық салдарынан болған қосарлас жарақат. Мидың аноксиялық және метаболикалық зақымдануы. Кома 3" диагнозымен станционарда болды. Асқыну: "3-ші дәрежедегі сыныс алу жеткіліксіздігі", "3-ші дәрежелі жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі", - деген еді медициналық орталықтың өкілдері.
18 қаңтарда Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алты жасар Виктория Мининаның зорлануы және өлімі бойынша бірінші сот отырысы өткен еді. Осы кезде күдікті тағылған айыппен келіспей, ақталып шығатынына сенім білдірген еді.