Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі: басты күдікті өмір бойына сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

31 желтоқсанда Ақтауда апелляциялық сот жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

31 желтоқсанда Ақтауда апелляциялық сот жаттықтырушы Алина Серікованың өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасап.

Марқұм қыздың ата-анасына бес айыпталушының үкімін оқу поцесіне алғаш рет қатысуға рұқсат берілді.

Апелляциялық сот басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұған дейін бірінші инстанция оны 20 жылға бас бостандығынан айырған еді. Тағы бір айыпталушы 16 жылға сотталды, қалғандары 13 жыл 6 ай және 13 жыл жаза алды. Бірінші инстанция соты оларды 8,5 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Сот шешімі бойынша, айыпталушылардан жәбірленуші тараптың пайдасына 19 618 415 теңге көлемінде материалдық шығын және 30 миллион теңге моральдық өтемақы өндірілді.

Еске салайық, 2024 жылғы мамырда Ақтауда сұмдық қылмыс болды. Бес ер адам 29 жастағы спортшы қызды ұрлап, соққыға жығып, зорлап, суицид жасауға дейін жеткізген. Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында марқұмның туыстары сол қорқынышты түннің жантүршігерлік мәліметтерін бөлісті.

Марқұм Әселдің құрбысы болған. Ол оқиғаны алғашқылардың бірі болып білген және зардап шеккен қызға барлығын інісіне айтып, бұл істі жабық қалдырмауға көндірген. Әсел марқұммен 2021 жылдан бері таныс болған: олар бірге жаттығып, жақын құрбыға айналған. Оқиғадан бірнеше күн өткен соң Әсел құрбысын өзінің үйінің жанынан өлі күйінде табады.

Марқұмның 28 жастағы інісі Бауыржан да сол түннің қайғылы оқиғасы туралы қорқынышты мәліметтерді бөлісті.

2024 жылдың 18 желтоқсанында қылмыстың басты фигурантына сот 20 жыл, ал қалғандарына 6 жылдан 8,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қыздың туыстары бірнеше жыл ішінде кінәлілер шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін деп қорқады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 498.76  course up  521.98  course up  5.73  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro