Ақтаулық кәсіпкер тұрғындардың миллиондаған қаржысын алып, шетелге қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаулық кәсіпкер тұрғындардың миллиондаған қаржысын алып, шетелге қашып кеткен © elements.envato.com

Ақтаудың ондаған тұрғыны жергілікті кәсіпкерден алданып қалды. Олар жиһаз компаниясынан шкаф, ас үй гарнитурын тапсырысқа беріп, толық төлем жасап қойған, алайда екі айдан кейін ештеңе алмаған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтаудың ондаған тұрғыны жергілікті кәсіпкерден алданып қалды. Олар жиһаз компаниясынан шкаф, ас үй гарнитурын тапсырысқа беріп, толық төлем жасап қойған, алайда екі айдан кейін ештеңе алмаған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Жәбірленушілердің сөзінше, кәсіпкер миллиондаған қаржыны алып, шетелге кетіп қалған. Бұл істі полицейлер қолға алған. 

"Екі айдан бері жиһазымызды күтіп отырмыз, әлі жоқ, ақша да жоқ. Мен қолыма түспеген жиһаз үшін ай сайын 42 мың теңге төлеп отыра алмаймын. Біз жеңілдікке жүгіріп алаяққа алданып қалдық", - дейді Ақтау тұрғыны Жадыра Үтенова. 

Үтенова 405 мың теңгеге ас үй гарнитурына тапсырыс берген, ол үшін Жадыра несие алған. 

Үтеновадан бөлек, жиһаз салонынан 20 адам шамамен 20 миллион теңгеге тапсырыс беріп қойған. Біреуі қолма-қол төлесе, енді бірі банк арқылы төлеген. 

Бастапқыда кәсіпкер байланысқа шығып, кішкене күте тұруды сұраған, бірақ кейіннен кетіп қалған. Жәбірленушілердің ақпараты бойынша, кәсіпкер Түркияда жүр.  

Тұрғындар кәсіпкер бұған дейін де алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылғанын анықтаған. Жаңа іс бойынша, ер адам жеті жылға сотталуы мүмкін. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети