Ақтөбе облысында әкімді өлтірген адамға қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында әкімді өлтірген адамға қатысты сот үкімі шықты Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында әкімді өлтірді деген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында әкімді өлтірді деген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Қылмыс 2022 жылдың 11 желтоқсанында облыстың Алғын ауданы Сарықобда ауылдық округінде болған. Жанжал кезінде мас болған фермер ауылдық округ әкімінің ішіне пышақ сұғып алған, кейін ол көп қан кетіп қаза болған. Фермерге абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылды.

17 шілдеде аудандық сот бұл іске қатысты үкім шығарды. Бастапқыда прокурорлар сотталушыны тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот оның өкінуін, балаларының барын, сондай-ақ 25 миллион теңге моральдық шығынды өтеуді ескерді. Қылмысты мас күйде жасау ауырлататын мән-жай болды.

Сот фермерді сегіз жылға бас бостандығынан айырды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети