Ақтөбе облысында арнайы жасақ екі қазақстандықты ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында арнайы жасақ екі қазақстандықты ұстады Фото: polisia.kz

Ақтөбеде көрші өңірлерден есірткі жеткізу арнасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде көрші өңірлерден есірткі жеткізу арнасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп Ақтөбеде есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бойынша жедел іс-шаралар кешенін өткізді.

"39 және 51 жастағы облыс орталығының тұрғындары ұстады. Оқиға орнын тексеру кезінде, көппәтерлі үйдің кіреберіс есігінің алдында марихуана есірткісіне ұқсас пакет табылып, тәркіленді. Бұдан әрі қызметтік итті қолдана отырып, ұсталғандардың біреуіне тиесілі автокөлікті тінту барысында жүксалғыштан өсімдік тектес заттар салынған 1 пакет, сондай-ақ 6 патроны бар тіркеу нөмірлері жоқ тапанша табылды және тәркіленді. Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша пәтердің балконынан жасыл түсті заттар салынған 1 орама тәркіленген", - делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы бойынша, алынған заттар жалпы салмағы 14,5 келіден асатын марихуана есірткі заты болып шықты. Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети