Ақтөбе облысында бұрынғы департамент басшысы пара алғаны үшін сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында бұрынғы департамент басшысы пара алғаны үшін сотталды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында Экология департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында Экология департаментінің бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Биыл 13 сәуірде Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімі бойынша, облыстық Экология департаментінің бұрынғы басшысы Нұржан Аққұл айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша кінәлі деп танылып, 12 миллион теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, экс-басшы мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, Нұржан Аққұл былтыр 19 желтоқсанда Ақтөбе облысының Экология департаменті басшысы ретінде кәсіпкерлік субъекті директорынан 400 мың теңге сомасындағы пара алғаны үшін ұсталған. Параны бірінші санаттағы объектілер үшін эмиссиялардың қоршаған ортаға әсер етуіне рұқсат беруі және жалпы қамқорлық көрсетуі үшін алғаны айтылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети