Ақтөбе облысында депутат мас күйде көлік айдаған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында депутат мас күйде көлік айдаған Көрнекі сурет: elements.envato.com

Ақтөбеде депутат мас күйде көлік айдаған. Ол 15 күн қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Диапазон

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде депутат мас күйде көлік айдаған. Ол 15 күн қамауға алынып, жүргізуші құқығынан айырылды, - деп хабарлайды Диапазон

20 мамырда полицейлер Қарғалы ауданы Қайдауыл батыр көшесінде Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаты Ербол Қасымғали тізгіндеген Mercedes-Benz көлігін тоқтатқан. Кейін депутат медициналық тексерістен өткен. Онда оның мас болғаны анықталып, іс сотқа жіберілген.

Депутаттың өзі мас күйінде көлік айдағанын мойындамай, тексеріс нәтижесімен келіспеген. Сонымен қатар, қайта тексерістен өтуге құқығы бар екені түсіндірілмегенін айтқан.

Сот оның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны, мас күйінде көлік жүргізгені дәлелденді деп шешкен. Нәтижесінде, ол 15 тәулікке әкімшілік жазаға тартылып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған.

Басылым мәліметінше, Ербол Қасымғали болған оқиғадан кейін депутаттық мандатын тапсырған.

"Ербол Қасымғали депутаттық өкілеттігін тоқтатты", - деді аумақтық сайлау комиссиясы өкілі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының сайтында Ербол Қасымғали "Ойл Гео Контракт" ЖШС бас директоры болып жұмыс істейтіні көрсетілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети