1. Басты
  2. Біл
  3. Қылмыс

Ақтөбе облысында ерлі-зайыпты құлдықта болған

© kp.ru © kp.ru

Ақтөбе облысында ерлі-зайыпты құлдықтан босатылды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. Бұл дерек Мәртөк ауданында жүргізілген жедел алдын алу шаралары барысында анықталған.

Телеарнаның мәліметінше, Ақтөбе қаласының 43 жастағы тұрғыны мен Өзбекстан Республикасының 52 жастағы азаматы құлдықта болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті оларды екі жыл бойы құлдықта ұстаған. Ер адам Мәртөк ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.